378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы-Өскемен жолында көлік апатынан 5 адам қаза тапты

  • 420
  • UPD: 15:54, 06.01.2019
Алматы-Өскемен жолында көлік апатынан 5 адам қаза тапты

Көлік апаты республикалық жолдың 329-шақырымында болды. Оқиға 5 қаңтар күні кешкі сағат 19:30-дар шамасында тіркелген.

Оқиға барысында «Тойота Авенсис» көлігінің жүргізушісі Сарқан ауданынан шығып, Талдықорғанға бет алған. Көкайғақ салдарынан 1977 жылғы көлік жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота Камри» көлігіне соғылған.

«Оқиға орнында «Тойота Авенсис» көлігінің жолаушылары 1977 жылғы талдықорғандық әйел адам, 2012 жылғы талдықорғандық ұл бала және 2006 жылғы Көксу ауданының тұрғыны, қыз бала қайтыс болды. Сондай-ақ «Тойота Авенсис» көлігінің тағы бір жолаушысы Талдықорғанның облыстық ауруханасында көз жұмды. «Тойота Камри» көлігінің 1974 жылғы жүргізушісі де ауруханада қайтыс болды», - делінді Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазір «Тойота Авенсис» көлігін тізгіндеген 41 жастағы азамат түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Сонымен қатар «Тойота Камри» көлігінің 1992 және 1993 жылғы екі жолаушысы аурухананың жансақтау бөлімінде. Қазір аталған жантүршігерлік көлік апаты бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы