378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жасөспірім көлікпен адамды қағып өлтірді

  • 424
  • UPD: 16:54, 06.01.2019
Қызылордада жасөспірім көлікпен адамды қағып өлтірді

Қызылордада жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев хабарлады. 

2018 жылы 28 желтоқсанда кәмелет жасына толмаған бала көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

«Автокөлік кінәлі адамның анасына тиесілі. Сол күні ол ата-анасының рұқсатынсыз көлікпен қалаға шығып, 22 жастағы қызды қағып кеткен. Жасөспірім зардап шеккен адамды көлігіне салып, ауруханаға жеткізген. Алайда ол 1 қаңтарда алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жасөспірім өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ол анасының қарауына берілді», - делінген хабарламда. 

Сонымен қатар автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеу шаралары ІІМ бақылауына алынды. 

«2018 жылы 28 желтоқсан күні Қызылорда қаласында болған ЖКО дерегі бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-тармағы және 349-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталуда. Тергеу жұмыстары полиция департаменті басшысының және облыс прокурорының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы