378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жол апатынан 1 адам қаза тапты

  • 344
  • UPD: 21:44, 06.01.2019
БҚО-да жол апатынан 1 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында қос жеңіл автокөлік соқтығысып, алты адам жарақат алып, біреуі көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 5 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында «Орал-Атырау» жолының 244-шақырымында Ақжайық ауданы Атамекен ауылы тұсында болды.

«Ниссан» және «Шкода» автокөліктері соқтығысып, алты адам жарақат алды. Олардың бәрі ер адамдар. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына, біреуі кейін Оралдағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Екіншісіне санавиациямен дәрігерлер келді, алайда ол операция үстінде қайтыс болып кетті. Қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, таяуда Батыс Қазақстанда боран болып, сексенге жуық көліктің қар құрсауынан шығарылғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы