378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тараздық полицейлер есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

  • 375
  • UPD: 12:29, 07.01.2019
Тараздық полицейлер есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады Arnapress.kz

Тараздық полицейлер есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

23 жастағы қала тұрғыны бұрын істі болмаған. Тексеру кезінде екі қаптамаға оралған 300 грамнан астам марихуана анықталып, тәркіленді. Ал пәтерінен тағы 400 грамм есірткі табылды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша ол кінәсін толық мойындап отыр. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы