375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде өртенген үйдің ішінде қалып қойған екі бала құтқарылды

  • 370
  • UPD: 12:57, 07.01.2019
Өскеменде өртенген үйдің ішінде қалып қойған екі бала құтқарылды

Өскемендегі «Титан» саяжайында үй өртеніп, оның ішінде 4 және 6 жастағы екі бала қалып қойған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, олардың анасы үйдегі пешті жағып, соңынан өзі шаруаларымен шығып кеткен екен. Баспанадан будақтаған түтінді алдымен сол жердегі көршілер Арман Қайсенов пен Геннадий Семиков деген азаматтар байқап қалған.

Абырой болғанда, олар бірден өртке оранған үйге терезе арқылы кіріп, ішінде қалып қойған балаларды сыртқа алып шыққан. Бұл кезде өртсөндірушілер де жетіп, 64 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды сөндірді. Ал балалар қазір облыстық ана мен бала орталығында жатыр.Жағдайлары жақсы.

Хабар 24 телеарнасы