375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да қар құрсауында қалған 79 көлік шығарылды

  • 356
  • UPD: 13:11, 07.01.2019
БҚО-да қар құрсауында қалған 79 көлік шығарылды

Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 79 көлік шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта ақ түтек боран болуына байланысты барлық бағыттарда жолдар жабылған болатын. Бұл жөнінде SMS хабарламалар жарияланғанымен, біраз адам ескертуді елемей жолға шығып кеткен. Соның салдарынан ондаған көлік жол бойында қаңтарылып тұруға мәжбүр болды. Қарға батқан көліктер құтқару қызметінің арнайы техникаларымен шығарылды. 79 көлік пен 36 адамға көмек көрсетілді. Жолда қалған жолаушылар жылыту бекеттеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғалары да тіркелді. Ақжайық ауданы аумағында Volkswagen Sharan шағын автобусы «Скания» жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 2 адам аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы