378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, пәтер иесі көз жұмды

  • 407
  • UPD: 15:19, 07.01.2019
Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, пәтер иесі көз жұмды avatanplus.com

Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, нәтижесінде пәтер иесі қаза тапты, - деп хабарлайды, «Хабар24» тілшісі Дамир Берікұлы.

Тілсіз жау бүгін таңертеңгі уақытта шыққан. Куәгерлердің айтуынша, «Көкшетау» мәдениет сарайына қарама-қарсы орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірі өртке оранып, қожайыны қаза тапқан. Ал, жалынның неден пайда болғаны әзірге белгісіз. Себебі, төтенше жағдайлар қызметі әлі ешқандай ресми мәлімет таратқан жоқ.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы