388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 13 жастағы қыз бала иіс тиіп көз жұмды

  • 926
  • UPD: 14:25, 08.01.2019
Шымкентте 13 жастағы қыз бала иіс тиіп көз жұмды

5 қаңтарда болған оқыс оқиға 13 жастағы жасөспірімнің өмірі қыршынынан қиды.

Жасөспірім иісті газдан уланып қалған. Мамандар бұған газ құрылғысының дұрыс орнатылмауы себеп деп отыр.

Газ құрылғысы жуынатын бөлмеге қойылған. Жалпы аталған бөлмеге газ құрылғысын орнатуға қатаң тыйым салынады.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша мереке күндері үш өрт оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.

otyrar.kz

Хабар 24 телеарнасы