389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда істен шыққан лифтінің түтіндеуінен адамдар эвакуацияланды

  • 612
  • UPD: 15:36, 08.01.2019
Таразда істен шыққан лифтінің түтіндеуінен адамдар эвакуацияланды

Тараз қаласы. 8 қаңтарда сағат 13:36-да Бәйтерек шағын ауданындағы 6 қабатты үйдегі жұмыс жасамай тұрған лифтінің түтіндегені туралы хабарлама түсті.

Артынша лифт кабинасының 3 шаршы метрлік қаптамасы өртенгені анықталды.

Оқиға орынынан 27 адам, оның ішінде 13 бала эвакуацияланды. Өрт 14:20-да ауыздықталып,  14:24-те сөндірілді. 

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 13 адам жұмылдырылған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы