378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында ер адам абайсызда өз-өзін атып алды

  • 290
  • UPD: 17:50, 09.01.2019
Маңғыстау облысында ер адам абайсызда өз-өзін атып алды

Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғыны өз-өзін атып алды. Ол бүгін кеуде тұсына оқ тиіп, аудандық ауруxанаға түсті. Ер адам Шетпе аудандық ауруxанасына ауыр xалде түскен.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер дереу науқасқа операция жасауға кіріскен. Дәрігер-реаниматолог, xирургия бөлімінің жетекшісі, анестезиолог дәрігер жасаған операция сәтті өтіп, ер адамның жағдайы тұрақталған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр xалде.

МО ПД баспасөз қызметінің xабарлауынша, ер адам өз-өзін атып жіберген.

«Аталған факті расталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады» делінген xабарламада.

Хабар 24 телеарнасы