378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті ұсталды

  • 639
  • UPD: 22:12, 09.01.2019

Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті деп танылған Нарек Гурурян ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі, Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.

21 жастағы Армения азаматы Ресей аумағында қолға түсті. Енді оны Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры:

- Бүгін ҚР ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, РФ-ның Омбы облысының аумағында осы жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағандыда бұзақылық əрекет жасап, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Армения Республикасының азаматы Нарек Гурурянды ұстады. Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес оны Қазақстан аумағына жеткізу мəселесі шешіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы