378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді

  • 271
  • UPD: 22:57, 09.01.2019
Маңғыстау облысында заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді

Маңғыстау облысында барлық заңсыз ойын алаңдары жабылған. Былтыр шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аймақта жасырын жұмыс істеп келген 17 ойын бизнесі анықталды.

Әшкере болғандай, букмекерлік кеңселердегі онлайн-казинолар мен ойын автоматтарының рұқсаты болмай шыққан. Осыған орай қылмыстық іс қозғалып, процессуалды шешім шығару үшін мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Айта кету керек, аймақтағы салық органдарында лицензиясы бар 20 букмекерлік кеңсе тіркеуде тұр.

Әйгерім Ибатуллаева, облыстық полиция департаменті бөлімі басшысының м.а.:

- Арнайы ұйымдастырылған шұғыл іздестіру шаралары кезінде облыс бойынша 247 ойын компьютері, автоматтары мен 70 монитор және 1 миллион 768 мың теңге мен 8 кассалық аппарат тәркіленді. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында заңсыз жұмыс істеп тұрған бір де бір букмекерлік компания жоқ.

Хабар 24 телеарнасы