389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда екі адамды автобус қағып кетті

  • 527
  • UPD: 13:13, 10.01.2019
Қарағандыда екі адамды автобус қағып кетті sputniknews.kz

Қарағандыда автобус екі адамды қағып кетті. 8 қаңтар күні кешкілік Республика даңғылы бойындағы жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан азаматтарды жылдамдығын төмендетіп үлгермеген автобус соққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан дене жарақатын алған жас жігіт облыстық медициналық орталыққа жеткізілген. Қазір жағдайы қалыпты. Бұған қоса, жолдың арғы бетіне өтпек болған келіншектің аяғын көлік жаншып өткен. Сол аяғының табан сүйегі үгіліп кеткен науқас Мақажанов атындағы аурухананың шұғыл операция бөліміне түскен. Дәрігерлер оған дереу операция жасап, аяғының басын ампутациялаған. Ал «НЕФАЗ» автобусын тізгіндеген 50 жастағы жүргізушісінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Берік Төлеубаев, Мақажанов атындағы аурухана директорының орынбасары:

Өте ауыр жарақат алған. Біз кеше төрт сағаттай операция жасадық. Балтыр сүйектерінің жоғарғы үштен бір бөлігін ампутацияладық. Науқас операциядан кейін жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды. Қазір жағдайы тұрақты.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Аталған жол көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы