377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы - Қапшағай тасжолындағы апат. 15 адам ауруханаға жеткізілді

  • 333
  • UPD: 21:51, 10.01.2019
Алматы - Қапшағай тасжолындағы апат. 15 адам ауруханаға жеткізілді

Алматы - Қапшағай тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан жапа шеккен 15 адам Іле аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазір науқастардың екеуі жарақат таңу, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерге көрінгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Ауруханаға түскен екі адамның жағдайы қалыпты, ал біреуі әлі есін жиған жоқ. Оқиға орнында төрт жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. «Біреуі аталған жол апаты болған тас жолда кезекшілік етуде», – дейді дәрігерлер. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында Алматы - Қапшағай автожолында көктайғақ салдарынан бір мезгілде 31 автокөлік соқтығысып қалған болатын.

Айдар Солтанғазиев, бас дәрігердің орынбасары:

– 15 науқас келді, оның үшеуін ауруханаға жатқыздық. Үшеуінің екеуін травматология бөліміне, біреуін жансақтау бөліміне жатқыздық. Жансақтау бөліміндегі науқаста жамбас сүйегінің сынуы және бас миының шайқалу белгілері байқалады. Қалған екеуінде дене жарақаттары байқалған және бас миы шайқалу белгілері бар.

Хабар 24 телеарнасы