389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда көп қабатты үйдегі өрттен 2 адамды күйік шалды

  • 669
  • UPD: 12:58, 11.01.2019
Таразда көп қабатты үйдегі өрттен 2 адамды күйік шалды

Тараздың «Самал» мөлтек ауданындағы №6 көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам күйіп қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 22:00 шамасында болған.

«Самал» мөлтекауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтерде плитадан газ шығып, газ бен ауа қосындысының жарылысы болды», - делінген хабарламада. Жарылыс салдарынан ас бөлме мен қонақ бөлменің әйнектері қираған. Сондай-ақ 1974 жылы және 1984 жылы туған екі азамат күйік алып, ауруханаға түсті. Пәтерде болған өзге де тұрғындар мен жас балалар зардап шекпеген. Айта кетейік, оқиға орнына аталмыш департаменттің 16 қызметкері мен 5 техникасы, жедел тергеу тобының  4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы