375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде су құбыры жарылып, бірнеше көпқабатты үй ауызсусыз қалды

  • 350
  • UPD: 20:33, 11.01.2019
Өскеменде су құбыры жарылып, бірнеше көпқабатты үй ауызсусыз қалды

Өскеменде қалалық су құбыры магистралінен ақау шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһардағы Михаэлис көшесіндегі құбыр жарылып, түннен бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шамамен 500 шаршы метрдей аумақ қоршалып, жерді қазу жұмыстары қолға алынған. Мамандардың айтуынша, көпқабатты 6 үй ауызсусыз қалды. Әзірге мұндағы тұрғындар тіршілік нәрін тасымалдап ішіп отыр. «Өскемен Водоканал» мекемесінің өкілдері апатты жою шараларының қанша уақытқа дейін жалғасатынын дөп басып айта алмады. Өйткені бригада жұмысына кедергі келтіріп тұрған жайттар бар екен.

Андрей Алехнович, «Өскемен Водоканал» КММ бас инженері:

- Барлық техника осы жерге жұмылдырылды, неғұрлым жедел шара қолдануға тырысып жатырмыз, дегенмен, алдыңғы қатты аяздың салдарынан жер тоңы 1,5 метрге дейін қатып қалған,сонымен қатар апат автокөлік жолының үстінде болып тұр, бұл қазу жұмыстарына үлкен кедергі келтіріп отыр. Негізгі магистральға жеткен соң 1 сағат ішінде ақау болған жерді жөндеп бітетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы