375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында автосалон өртенді

  • 503
Алматы облысында автосалон өртенді

Алматы облысының Талғар ауданында автосалон өртенді.

Қызыл жалын көлік сатылатын нысанға жапсарлас салынған жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын металл қоймасында тұтанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 15 көлікті алып шығып үлгерді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Түнгі бірлер шамасында басталған қызыл жалын таңғы 5-те толық ауыздықталды. Бұл іске Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар қызметінің 38 маманы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы