378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 55 жолаушы мінген өзбекстандық автобус бұзылып қалды

  • 441
  • UPD: 22:46, 12.01.2019

Павлодар тас жолында Қалқаман ауылынан 30 шақырым жерде жолаушылар мінген «Van Hool» маркалы автобус бұзылып қалды.

Автобуста Өзбекстан Республикасының 55 азаматы болған, оның екеуі бала. Көлік Ташкенттен Красноярға бет алған болатын.

Тез арада Ақсу қаласының әкімдігі төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, автокөлік жолаушыларын Спутник станциясының мектебіне жеткізді. Сол жерде жолаушыларға тиісті көмек көрсетілді. Өзбекстан азаматтары жылы ғимаратқа жайғастырылып, ыстық тамақ берілді. Автобус жөнделгенше өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалды. Ешкімге медициналық көмек керек болған жоқ. Автобус жөндеу үшін Павлодар қаласына жеткізілді.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы