378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда террорлық актілер жасамақ болған топ мүшелері ұсталды - ҰҚК

  • 412
  • UPD: 13:51, 14.01.2019

10 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азия елдерінің азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді», - делінген хабарламада.

Тергеу болжамына сай ұсталған тұлғалар шетелдегі ТГИЛ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен.

«Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл жасауға ниет еткен», - деп хабарлайды ҚР ҰҚК.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы