378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында браконьерді ұстау кезінде инспектор қаза тапты

  • 506
  • UPD: 13:35, 17.01.2019

Қарағанды облысының Нұра ауданы аумағында рейд жасаған «Охотзоопром» республикалық мекемесінің қызметкерлерінің бірі браконьерлерді ұстау барысында мерт болды.

13-і қаңтар күні сағат кешкі алтылар шамасында кезекті тексеріске шыққан табиғат қорғаушылары жолай атылған 5 киіктің етін тапқан. Дереу ізге түсіп, мемлекеттік тіркеу номері жоқ «Тойота Ленд Крузер» маркалы екі көлікті қуып жетеді. Амалдап жүріп, тоқтатқан көліктің ішінде алты жолаушы болған. Тексеріс кезінде ұсталғандар қарсылық көрсетіп, қол жұмсайды. Инспекторлардың бірі аздаған дене жарақатын алған. Ал екінші инспектордың қатты соққыдан миы шайқалып, ес-түссіз ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады.

Жанатай Сембеков, облыстық ПД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

- Қарағанды облысының Нұра ауданында орын алған «Охотзоопром» мекемесінің 2 инспекторына қарсылық көрсетіліп, дене жарақатын салғаны  жөніндегі жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда күдіктілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы