378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында өрістегі малдарды атып өлтіріп отырған ұрылар ұсталды

  • 346
  • UPD: 22:20, 14.01.2019

Жамбыл облысында әккі барымташылар қолға түсті. Ұрылар Мойынқұм ауданынан мал ұрлап бара жатқан жерінен ұсталды.

Олар өрісте жайылып жүрген түліктерді қарумен атып алып, сойып тасымалдаған. Тәртіп сақшылары күдікті автокөлікті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінде тоқтатып, Тұрар Рысқұлов ауданының екі тұрғынын ұстады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында көліктен 4 сиырдың тұтас еті мен пышақ, балта және атылған оқтың бірнеше гилзалары табылды. Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізбек болған. Олар бұған дейін осындай әрекеті үшін бұрын бірнеше рет істі болған. Қазір кінәсын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы