378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде тұрғын үйдің шатыры мен көлікжай өртенді

  • 291
  • UPD: 13:13, 15.01.2019
Ақтөбеде тұрғын үйдің шатыры мен көлікжай өртенді SN.kz

Ақтөбеде екі пәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен көлікжайы отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын салдарынан тұрақтағы автомобиль толығымен өртеніп кеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тілсіз жау 285 шаршы метр алаңды шарпыды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өртсөндірушілер өртті өшірді. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті материалдар Ақтөбе қаласы, Алматы аудандық №4 полиция бөліміне жолданды.

Дина Досжанова, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

Өрт орнына төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің және апат медицина орталығы бригадасының жеке құрамынан 21 адам 6 автокөлік жолданды. Өрт салдарынан қаза болған адамдар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы