378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында атыс қаруынан жараланған екі жігіт қайтыс болды

  • 372
  • UPD: 15:27, 15.01.2019
Маңғыстау облысында атыс қаруынан жараланған екі жігіт қайтыс болды VistaNews.ru

Маңғыстау облысында атыс қаруынан жараланған екі жігіт қайтыс болды.

Оқыс оқиға кеше Атамекен ауылындағы дүкен жанында болған. Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті уақытпен сағат 20.10-да шақырту түседі. Кеудесіне оқ тиген ер адамдар өңірлік ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда екі күдікті «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Тағы бірнеше адам іздестірілуде.

Авторы: Талғат Исламұлы

 

Хабар 24 телеарнасы