378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор көз жұмды

  • 524
  • UPD: 16:20, 15.01.2019
Браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған инспектор көз жұмды inform.kz

Осыдан екі күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Е.Нұрғалиев қаза тапты.

Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев өмірден озды. Ол 13 қаңтар күні Қорғалжың даласында айуандық танытқан 3 браконьермен айқастан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті. Қаза тапқан азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Ол өмірінің соңына дейін Қазақ даласының символына айналған киіктерді қорғау жолындағы борышын адал атқарды. Ерлан Нұрғалиев сынды инспекторлардың күш-жігерінің арқасында 2015 жылы жаппай қырылған киік саны 215 мың басқа дейін көбейді», - деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Бұған дейін ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов Қарағанды облысында браконьерлердің соққысына жығылған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Е.Нұрғалиевтің жағдайы өте ауыр екендігін айтқан болатын.

Оның жанын аман алып қалу үшін Астана қалалық №1 ауруханасының дәрігерлері күрескен еді.

 

Хабар 24 телеарнасы