378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде арнасынан тасыған арық суы аулаларға кірді

  • 351
  • UPD: 21:16, 15.01.2019
Семейде арнасынан тасыған арық суы аулаларға кірді

Семейдегі Ключевая көшесінің тұрғындары «үйімізге су кірді» деп дабыл қағып отыр. Оқиға орнына жедел жеткен тілшілеріміз, шынымен арық суларының арнадан асып, кейбір аулаларға кіргенін көріп қайтты.

Тіпті бесінші үйдің іргетасы жарылып кеткен. Тұрғындар отбасымен туыстарын паналауға мәжбүр. Бұл жердегі бұлақ көздерінен шыққан су әдетте екі арықтың бойымен ағатын. Алайда уақытылы мұздан тазаланбағандықтан су арықтан асып, үй ауласы мен көшелерге жайыла бастаған. Қазір оқиға орнында қалалық коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

Мөлдір Базарханқызы, Ключевая көшесінің тұрғыны:

- Жыл сайын кісілер келіп тазалап тұратын. Екі арықтың көзі бар бізде, соны жылда тазалайтын. Биыл ешқандай мотордың да дауысын естіген жоқпыз, арықтың көзі де ашылған жоқ. Су қазір фундамент жағына жетті. Үйге ешқандай қатынаса алмаймыз, өйткені су көтеріліп жатыр. Кісілер жаңа кірмекші болып, кіре алмай кетті. Не туалет ешқайда шыға алмаймыз. Сол үшін біз қазір ата-анамыздың үйіне көшіп кеттік.

Николай Ушаков, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл жерде қазір коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр. Арықты тазалау жұмыстарына 2 техника мен 6 адам жұмылдырылған. Таяу арада қауіп сейіліп, тұрғындар өз үйлеріне оралады деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы