378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мас бұзақылар аялдамаға нұқсан келтірді

  • 303
  • UPD: 21:30, 15.01.2019
Астанада мас бұзақылар аялдамаға нұқсан келтірді

Астанада аялдамалардың біріне тағы нұқсан келді. Бұл туралы Астананың Полиция департаменті хабарлайды.

14 қаңтар күні сағат 05:21-де Астана қалалық Полиция департаментінің Жедел бақылау орталығының операторлары Б.Момышұлы мен Қ.Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы аялдамаға нұқсан келтірген біреулерді байқады. Оқиға орнына жеткен полицейлер 1996 және 1997 жылы туған екі күдіктіні ұстады. Екеуі де алкогольді ішімдікке мас болған», - делінген Полиция депаратменті жіберген ресми хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 440-бабы (қоғамдық орындарда ішімдікке мас күйінде жүру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әзірге келтірілген барлық шығынды Астана қаласының коммуналдық қызметіне өтеу мәселесі шешіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы