378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда дәрігерлер қызылша жұқтырды

  • 294
  • UPD: 07:17, 16.01.2019
Көкшетауда дәрігерлер қызылша жұқтырды sn.kz

Бұл туралы облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, қызылша жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны – 6. Олардың үшеуі Көкшетау қалалық N1 емханасының дәрігері мен медбикелері, қалғандары облыстық және қалалық ауруханалардың медициналық қызметкерлері. Алдын ала болжам бойынша, ауру оларға қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдардан таралған болуы мүмкін. Ал күзден бері аймақта 77 адам (олардың 52-сі бала) аталған дертке шалдыққан болатын.

Авторы: Дамир Шайдаров

Хабар 24 телеарнасы