389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын «тазалаған» алаяқ ұсталды

  • 745
  • UPD: 11:17, 16.01.2019
Семейде миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын «тазалаған» алаяқ ұсталды Publika.md

Семейде Әуезов полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны шағымданған.

Оның сөзінше, көшеде бейтаныс әйел келіп, «Сенде көз бар, сондықтан барлық әшекейлеріңді тазалау керек»,- деп жабыса кетеді. Есі шығып кеткен тұрғын барлық алтын бұйымдарын шешіп, әлгі «жанашыр» әйелдің қолына ұстата салады. Полицейлер қолдың ізі арқылы 40 жастағы алаяқ әйелді ұстады. Өкінішке қарай, заңсыз иемденген алтындар сатылып кетіпті. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл туралы Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы