378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолада көлікте отырған ер адам иіс тиіп көз жұмды

  • 262
  • UPD: 14:18, 16.01.2019
Ақмолада көлікте отырған ер адам иіс тиіп көз жұмды inform.kz

Ақмола облысында 46 жастағы ер адам өз автокөлігінің ішінде иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 15 қаңтарда Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында орын алған.

«1972 жылы туған ер адамның денесі өзінің гаражында тұрған «Ваз-21213» көлігінің ішінен табылды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы