378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада әйелімен ұрысқан ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті

  • 244
  • UPD: 15:29, 16.01.2019
Астанада әйелімен ұрысқан ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып кетті elorda.info

33 жастағы жігіт осылайша әйелінің назарын аудармақ болған, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйдің төбесіне шыққан азамат ұсталып, Байқоңыр ауданының ішкі істер бөлімшесіне жеткізілді. Ол әйелімен болған жанжалдан соң назарын аудару үшін істегенін айтып түсіндірді. Медициналық тексеру нәтижесіне сәйкес ер адам ішімдік салдарынан мас болған. 33 жастағы азаматқа ҚР әкімшілік кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды

«15 қаңтарда сағат 17:00 шамасында полицияға ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен секірмек болғаны туралы ақпарат түсті. Тұрғындар мен ПИК қызметкерлері және оқиға орнына келген полицейлер оны райынан қайтарды», - делінген хабарламада.

Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескен азаматтарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанада көпқабатты тұрғын үйдің төбесіне шығып секірмек болған ер адамның бейнежазбасы жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы