377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, екі адам жарақат алды

  • 266
  • UPD: 15:59, 16.01.2019
Оралда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, екі адам жарақат алды Алау

Оралда жеңіл көлік пен «КамАЗ» соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше кешкісін Конкин көшесі бойында болды.

«ВАЗ-2110» бен «КамАЗ» автокөлігі түйіскен.

Автокөлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні құтқарушылардың шығарып алуына тура келді.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, жедел құтқару жасағына шақырту сағат 20.02-де түскен. Құтқарушылар 20:15-те жетіп, 20:31-де жұмыстарын аяқтаған. Оқиға орнына 10 құтқарушы мен екі техника жіберілген.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 19.59-да жедел жәрдемге қоңырау шалынған. Екі бригада алты минуттан кейін жеткен.

Жарақат алған 1992 және 1994 жылғы екі ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайлары тұрақты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бульдозер мен автобустың түйісіп, үш адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы