389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда белгісіз біреулер ер адамды пышақтап кетті

  • 472
  • UPD: 17:54, 16.01.2019
Қостанайда белгісіз біреулер ер адамды пышақтап кетті alau.kz

Қостанайда Строительная көшесіндегі №6 тұрғын үйдің кіреберісінде ер адамның денесі табылған.

Полицияның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«10 қаңтар күні сағат 22.00 шамасынла Қостанай қаласының полиция бөлімшесіне Строительная көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде көптеген пышақ жарақатымен ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы