378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында фабрика қызметкері ауыр соққыдан қаза тапты

  • 250
Ақмола облысында фабрика қызметкері ауыр соққыдан қаза тапты

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі кен өңдеу фабрикасының директоры қарамағындағы қызметкерін өлтірді деген күдікке ілінді.

Себебі қаңтар айының екісі күні кәсіпорынның 38 жастағы зертхана қызметкерін мекеме басшысы қан-жоса күйінде құрбысының үйіне алып келген. Келіншек басынан ауыр жарақаттар алған. Ал артынша күдіктінің өзі  бір тәуліктей із-түзсіз кеткен. Сот оны 2 айға дейін қамауға алуға шешім шығарды.

Әсем Әбдірахманова, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

– Қазіргі таңда аталған әйелдің өліміне қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 106-бап 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті – 1985 жылы туған ШҚО тумасы. Қазір сот-медициналық сараптама жүрігізіл жатыр.

Хабар 24 телеарнасы