378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазғандағы мыс балқыту зауытының шатыры құлады

  • 277
Жезқазғандағы мыс балқыту зауытының шатыры құлады

Жезқазғандағы мыс балқыту зауыты аумағындағы ғимараттың төбесі опырылып құлады.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба редакциямызға келіп түсті. Белгілі болғаны, төтенше жағдай 16 қаңтарға қараған түні болған. Сүзіп-кептіру бөлімінің ғимаратында металл конструкциялары мен төбе жабынының темірбетон плиталары құлап кеткен. Бұзылған аумақ 360 шаршы метрді құрайды. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Марат Бөрібаев, Жезқазған мыс балқыту зауытының директоры:

– Апатты жағдайдағы ғимаратта жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілген. Қауіпті аймақ қоршалды. Төтенше жағдайлар департаментіне де хабарлама жібердік. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы