378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кен өңдеу фабрикасының басшысы қарамағындағы қызметкерді өлтірген болуы мүмкін

  • 273
  • UPD: 10:51, 17.01.2019

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі кен өңдеу фабрикасының директоры қарамағындағы қызметкерін өлтірді деген күдікке ілінді. Себебі қаңтар айының 2-сі күні 1981 жылы туған кәсіпорынның зертхана қызметкерін мекеме басшысы қан-жоса күйінде құрбысының үйіне алып келген. Келіншек басынан ауыр жарақаттар алған. Ал артынша күдіктінің өзі жасырынбақ болып, бір тәуліктей із-түссіз кеткен. Сот оны 2 айға дейін қамауға алуға шешім шығарды.

Әсем Әбдірахманова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі таңда аталған әйелдің өліміне қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 106-бап 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті 1985 жылы туған ШҚО-ның тумасы. Қазір келіншектің мәйітіне сот-медициналық сараптама жүрігізіл жатыр.

Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиешіден туберкулез анықталды

Оның өкпе құрты дертіне 2018 жылдың 19-ы желтоқсанда белгілі болған. Дегенмен, бұл жағдай ата-аналарға осы жылдың басында ғана айтылғандықтан олар балалары үшін алаңдаулы. Тәрбиеші жұмыс істеген топта 30, ал жалпы балабақшада  480 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осы жағдайдан соң дәрігерлер бөбекжайға бірден тексеріс жүргізген, бірақ балалар мен қызметкерлердің ешқайсынан туберкулез белгілері анықталмапты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері «байбалам салудың еш қажеті жоқ, бұл жағдай қатаң бақылауда» дейді. Тәрбиешінің дертке шалдыққаны туралы ақпаратты аурухана қызметкерлерінің бірі әлеуметтік желіде таратып жіберген.

Ардақ Сыздықова, балабақша меңгерушісі:

- 26 желтоқсаннан бастап бізде алдын алу жұмыстары жүргізілді. Нақты сол тәрбиешісі болған топта дизинфекция жүргізілді. Балалар манту алды. Ал қалған 300 бала ақпан айында жоспарланып отыр.

Қалдыбек Исмаилов, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің директоры:

- Ол өзі бірінші рет қаралған уақытта қақырық анализінен Кох таяқшалары табылмаған. Сондықтан арнайы туберкулезге қарсы диспансерге жіберіліп, тексерістен өтіп туберкулезбен ауырады деген диагноз қойып отырмыз.

Солтүстік Қазақстанда «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кете жаздады

Жол патрульдік полицейлердің тоқтау туралы талабын елемеген  ол, керісінше қаша жөнелген. Оны ұстау үшін жол сақшыларына күш қолдануға тура келді. 1978 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны көп ұзамай қолға түсті. Оның құжатарын тексеру барысында, жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Әкімішлік хаттамала толтырылып, бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Ербатыр Мәжен, қалалық ПБ патрульдік полициясы батальонының полицейі:

- Ақау көрсету арқылы тоқтатуға мәжбүр болдық. Өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірді. Құжаттарын тексеру барысында 40 жасар жүргізушінің көлік басқару құжаты жоқ болып шықты. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің орташа деңгейдегі мастығы көрсетілді.

Павлодардық полицейлер жедел алдын алу операциясы барысында лексус автокөлігінен тапанша тауып алды. Сараптама қорытындысы бойынша травматикалық қаруды азамат заңсыз сақтағандығы анықталды. Қазіргі таңда көлік айып тұрағына қойылды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.                

Таразда өткен жылы «Автоураган» ақпараттық-бағдарламалық кешені мен бейнебақылау камераларының көмегімен 24 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар мемлекетке 40 миллион теңге айыппұл төледі. Бүгінгі күні қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін және ұрланған, айдап кеткен көлікті іздестіретін 40 кешен жұмыс істеп тұр. Мұндай құрылғылар аудандарға да орнатылатын болады.

Гүлсара Мұхтарқұлова  облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- 2018 жылы қалада орналасқан автоураган мен бейнекамеаралардың көмегімен 2 адам өлтіру, 32 тонау,45 бұзақылық, 69 ұрлық, 200 заңсыз көлік айдап кету, 24000 мыңнан астам осы әкімшілік құқықбұзушылық фактілер тіркелген. Қордай ауданында орнатылған жаңадан мынау 4 автоураган құрылғыларының көмегімен көптеген қылмыстар ашылады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы