375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда 85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды

  • 286
  • UPD: 12:36, 17.01.2019
Қарағандыда 85 адамды сан соқтырған күдікті қамауға алынды Azh.kz

Қарағанды қаласының 33 жастағы тұрғыны кенді өңірде және Астанада соңғы үлгідегі ұялы телефондар сататын фирма ашқан.

Осылайша, тұтынушылармен келісімшарт жасап, тауар құнын алдын ала толықтай алып отырған. Кездесу кезінде оларға жалған құжаттарын, буклеттерін, әлеуметтік желідегі сайттарын көрсетіп, әбден сеніміне кірген. Алайда тауар келуі тиіс кезде кеденде кешігіп жатқанын сылтауратып, уақытты созып келген. Кейін мүлдем іздерін суытып отырған. Аз ғана уақытта алаяқтар 85 адамды тақырға отырғызып, 50 миллион теңгені қолды қылыпты. Қазір күдікті қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Авторы: Ардақ Асылханұлы

Хабар 24 телеарнасы