378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ер адам жедел жәрдемнің дәрігерін пышақтады

  • 309
  • UPD: 12:51, 17.01.2019
Астанада ер адам жедел жәрдемнің дәрігерін пышақтады

Елордада жедел жәрдем қызметкеріне ер адам пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға тұрғын үйлердің бірінде болды.

Шақыртуға барған дәрігерлер бригадасы науқасқа медициналық көмек көрсеткісі келеді. Алайда ащы суға сылқия тойған азаматтың тарапынан қарсылық көреді. Салдарынан фелдьшер маман басынан жарақат алған. Оған жедел түрде көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы қалыпты. Біздің түсіру тобымыз оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы