389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда көпқабатты үйдің жертөлесі мен ауласын ыстық су басты

  • 787
  • UPD: 14:49, 18.01.2019
Петропавлда көпқабатты үйдің жертөлесі мен ауласын ыстық су басты Arnapress.kz

Петропавлда ыстық су әлі пайдалануға берілмеген көпқабатты тұрғын үйдің жер төлесі мен ауласын басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған баспана жаңадан құрылған «Жас Өркен» шағынауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылды. Жылу трассасындағы дренажды кранды белгісіз біреулер ашып кеткен. Олқылықтың орнын толтыруға төрт техника жұмылдырылды.

Айта кеткен жөн, жалпы бұл үйге жылу осыдан екі апта бұрын ғана берілді.

Хабар 24 телеарнасы