389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда көлік ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

  • 705
  • UPD: 15:23, 18.01.2019
Таразда көлік ұрлап кеткен күдікті қолға түсті Новый вестник

Осыдан бірнеше күн бұрын «102» пультіне Қарағандыдағы «Жайлау» шағын ауданынан Volkswagen Golf маркалы көлікті белгісіз біреулер айдап кеткені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің арқасында күдікті ұсталды.

Айта кеткен жөн, ол Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шыққан. Бұрын сотталған. Бүгінгі күні көлік иесіне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы