378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шекарада Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды

  • 460
  • UPD: 16:31, 18.01.2019
Шекарада Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды Казахстанская правда

Алматы облысында орналасқан Қорғас кеден бекетінде шекарашылар елімізге Қытай дәрілерін заңсыз алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

21 жастағы Қазақстан азаматының жүгін тексеру барысында төрт қорапта салынған жалпы салмағы 68,5 келі болатын түрлі дәрі-дәрмектерді анықтады. Бүгінгі күні ұсталған адамның барлық жүгі актіленіп, Алтынкөл бекетіне тапсырылды. Осы іске қатысты арнайы сараптама жүргізіледі. Ал жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы