378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

  • 327
  • UPD: 13:15, 20.01.2019
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін Орал-Атырау жолында, қалаға қарасты Круглоозерный мен Серебряков кенттерінің аралығында болды. Жол үстінде тұрған жеңіл көліктің қаңқасы ғана қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 20:05-те шақырылып, оқиға орнында үш бригада жұмыс жасады. Жасы 35-40 және 40-45 жас шамасындағы екі әйел адам сол жерде көз жұмды. 1973, 1996 жылғы ер адамдар, 2001 жылғы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілді.

«1973 жылғы ер адам жансақтау бөлімінде. 1996 жылғы ер адам хирургия бөлімінде. 2001 жылғы жігіт амбулаториялық ем алуға жіберілді», - деді А.Сақпосынова. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы