375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында екі жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

  • 246
  • UPD: 18:34, 21.01.2019
Маңғыстау облысында екі жедел жәрдем көлігі аударылып қалды Kokshetau Asia

Маңғыстау облысында екі жедел жәрдем көлігі аударылып қалған. Абырой болғанда, қаза тапқан немесе зардап шеккендер жоқ.

Жол апаты Ақтау-Жетібай тасжолында болды. Бұзылған көлікті сүйреп келе жатқан жедел жәрдем жүргізушісі кенеттен рөлге ие бола алмай қалады. Салдарынан екі машина да жолдан ауып кетеді. Оларды төрт дөңгелекке тұрғызуға басқа көлікте болған жолаушылар көмек береді. Куәгерлердің айтуынша, кейін жедел жәрдем көліктері қалаға сапарын жалғастырған.

Автор: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы