378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда егіз босанған әйел қайтыс болды

  • 279
  • UPD: 19:08, 21.01.2019
Талдықорғанда егіз босанған әйел қайтыс болды inform.kz

Талдықорған қаласында егіз сәбиді дүниеге әкелген жас ана көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 19 қаңтарда облыстық перинаталдық орталықта болды.

«Пациент 15 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. Жағдайы тұрақты болып, жақсарып келе жатқан. Бірақ босанғанда қан кетіп, күрделі операция жасауға тура келді. Сол операция барысында әйелдің жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Жасаған әрекеттер нәтиже бермеді. Өлім тромбоэмболияның қауіпті асқынуынан орын алуы мүмкін», - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексерістер жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы