389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде заңсыз жұмыс істеген 48 казино анықталды

  • 482
  • UPD: 21:25, 21.01.2019
Елімізде заңсыз жұмыс істеген 48 казино анықталды RuCy

Олар төрт халықаралық қылмыстық топқа арқа сүйеп келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тізімде «Бинго Бум», «Мистер Бинго», «Зодиак», «Империал», «Рояль ВИП» секілді ойын мекемелері бар. Жаңағы 4 қылмыстық топқа АҚШ, Испания, Непал, Болгария, Ресей мен Қырғызстан азаматтары мүше көрінеді. Олардың барлығы анықталды. Екеуі қолға түсті. Тағы алтауы бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы жедел-тергеу шараларын өткізіп, осындай бірнеше казиноның заңсыз қызметіне тосқауыл қойған. Соңғы екі жылда Астананың өзінде ойынқұмар азаматтар 27 қылмыс жасаған. Біреуі - адам өлтіру дерегі.

Хабар 24 телеарнасы