378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

  • 373
  • UPD: 15:46, 22.01.2019

Алматы облысындағы Көкпек – Кіші Байсерке тас жолының 31-шақырымында жол-көлік апаты болып, салдарынан 45 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің бойында орналасқан бұл жөл бөлігінде ауа райының қолайсыздығына орай «Дэу Нексиа», «Тойота Камри» және «ГАЗель» автокөліктері соғылған. Аталған жол-көлік апатынан екі ересек адам мен екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Қазір оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Серік Үпиев, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, көлік апатына тұман және жолдың тайғақтығы себеп болған. Қазіргі таңда көлік апатында зардап шеккен төрт адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы