378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шолпанымыз Айман болып шықты – Шекара қызметі

  • 288
Шолпанымыз Айман болып шықты – Шекара қызметі liter.kz

Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмекші болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Тексеруге ұсынған құжат бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіңкірейді. Міне, осы - «келіңкірейді» - деген анықтамада «гәп» бар еді. Шекарашылардың күдігі расқа айналды. Шекарашыларға 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оның 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген). Бөтен құжат көрсетуінің себебі – оған елден шығуға тыйым салынған екен. Бұл оқиға жөнінде Ішкі істер органдарына хабарланды.

Осы тексеру пунктінің шекара наряды 22 қаңтарда (сағат 18.30-дар шамасында) Орталықтың аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағының маңынан ешқандай құжатсыз, иесіз жатқан жалпы салмағы 8 қораптағы (180 кг жуық) Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды.

Хабар 24 телеарнасы