378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 57 жастағы ер адам өрттен көз жұмды

  • 228
  • UPD: 12:45, 24.01.2019
Ақмола облысында 57 жастағы ер адам өрттен көз жұмды

Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданында 57 жастағы ер адам өрттен көз жұмды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Белгілі болғандай, Ақмола облысының Жарқайың ауданына қарасты Тасуат ауылындағы жеке үйде өрт шыққан. Өрт 80 шаршы метр аумақты қамтып, оқиға орнынан 1961 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Хабар 24 телеарнасы