389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент базарларында арнайы операция өткізілді

  • 953
  • UPD: 23:06, 24.01.2019
Шымкент базарларында арнайы операция өткізілді Otyrar.kz

24 қаңтар күні Шымкент қаласының Полиция департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп, Шымкент қаласындағы «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында бір мезгілде рейдтік іс-шаралар өткізу бойынша арнайы операция өткізді.

Сот санкциясымен сауда орындарында тінту жүргізілген олардың нәтижелері бойынша діни әдебиеттің, оның ішінде салафит түсіндірмесінің, сондай-ақ электронды ақпарат тасығыштардың айтарлықтай саны анықталып, тәркіленген.

Тергеу болжамы бойынша салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларға келушілері мен осы базарлардың сатушылары арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан.

Тергеу іс-шаралары қоғамдық орындарда деструктивтік бағыттағы діни мазмұнды материалдарды тарату жайттары бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізілуде.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы