378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әскери әуе техникаларын сатпақ болғандар ұсталды

  • 476
  • UPD: 22:09, 24.01.2019
Алматыда әскери әуе техникаларын сатпақ болғандар ұсталды

Алматыда Таяу Шығыс елдеріне әскери әуе техникаларын заңсыз жеткізбек болғандардың жолы кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстық топ Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операция кезінде қолға түсті. Олар бірқатар шет мемлекеттердің әскери әуе кемелерінде қолданылатын авиациялық жабдықтарды біздің елден заңсыз алып шықпақ болған. Келісімнің құны 122 мың АҚШ долларынан асады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы