378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да тұрғын үйдегі өрттен ер адам көз жұмды

  • 384
  • UPD: 07:54, 25.01.2019
БҚО-да тұрғын үйдегі өрттен ер адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 1967 жылы туған ер адам көз жұмды.

Оқыс оқиға туралы ақпарат БҚО ТЖД кезекші-диспетчерлік бөліміне 09:05-те түскен. Өрт Мирное көшесіндегі 4 пәтерлік үйдің 1-пәтерінде тұтанған. Жалын тілі жалпы аумағы 20 шаршы метрдей жерді шарпыды. Қазір құзырлы орган қызметкерлері өрттің шығуына кінәлі тұлғаларды анықтап жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 арнайы техника мен жеке құрманың 10 қызметкері жұмылдырылды.

Авторы: Талғат Жұбанышев

Хабар 24 телеарнасы